Черногорияда екі қазақстандық ұсталды

Черногорияда екі қазақстандық ұсталды
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Есірткі дүкенін құрды деген күдікке ілінген екі қазақстандық шетелде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Черногорияның Бар қаласында халықаралық іздеуде жүрген екі күдікті ұсталды. Қаскөйлер есірткі және психотроп заттарды сату; оларды тұтынуға итермелеу; ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болу; лауазымды тұлғаға пара беру сынды әрекеттерге барды деген күдікке ілінген.

"2024 жылы күдіктілер Telegram мессенджері арқылы интернет дүкен ашып, есірткі және психотроп заттарды сатқаны анықталды. Қылмыстық схема бойынша олар курьерлік жұмысқа басқаларды тартумен, сондай-ақ, заңсыз әрекеттерді үйлестірумен және қаржыландырумен айналысқан", - деп жазылған хабарламада.

Қазір күдіктілер Черногория аумағында қамауда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget