Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді

Черчесовтің қызметінен кететіні рас па? Федерация түсінік берді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

БАҚ кешеден бері футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кететіні туралы ақпарат тарата бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алайда бүгін, 24 желтоқсанда федерацияның баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

"Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген мәлімдемеде.

Федерация қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейтінін де атап өтті.

"Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыдағы Словениямен ойыннан кейін ресейлік маман қалжыңдамақ болған. Журналистердің бірі сұрақты қазақша қойды, ал Черчесов "Сен қазір французша сөйлеп жатсың ба?" деп бөліп тастаған.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшысы Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовке қазақ тіліне қатысты әзілі үшін қандай шара қолданылғаны туралы айтты.

"Первый спорт" телеграм-каналының хабарлауынша, Черчесовке 147 мың рубль немесе 738 400 теңге айыппұл салынды, бұл - 200 АЕК.

Кейінірек Станислав Черчесовтің өз СЭ-ге берген сұхбатында қазақстандық журналиске берген жауабына қатысты пікір білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан