Чемпионның ән айтқан видеосы жарияланды. Елдос Сметов алтын медаль ғана емес, алтын дауыстың да иесі

Чемпионның ән айтқан видеосы жарияланды. Елдос Сметов алтын медаль ғана емес, алтын дауыстың да иесі
Фото: Видеодан кадр

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің танымал әнші Сәкен Майғазиевпен бірге ән шырқаған видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Париж Олимпиадасында алтын медаль алған дзюдошы Елдос Сметов алтын медаль ғана емес, алтын дауыстың да иесі екен. Елдос Сметовпен дуэт орындаған әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында архив видео жариялады.

Видеоның астына жылы лебізін білдіріп жатқандар көп. Тіпті, чемпионға арнап өлең жазғандар да бар. 

ЕЛДОС СМЕТОВ-ЧЕМПИОН!
(Экспромт)
Қазағым- барым!
Қазағым- нарым!
Қанында рух пен намыс бар!
Қазағым- жалын!
Қазағым- дарын!
Шыңдарда әлі қарыштар.
Елдостай ЕРдің,
Жеңісін көрдім,
Еріксіз көзге жас келді.
Киелі жердің,
Үмітін елдің,
Ақтады жеңіп басқа елді.
Жақсылық ата,
Беріпті бата,
Соңғы рет көрген кезінде.
Бір аунап жатыр,
Жакеңдей батыр,
Дегендей "Тұрдың сөзіңде!"
Көк туды тағы,
Көтерсе - бағы,
Тақымын қысқан халықтың.
Сынбайтын сағы,
Келіскен бабы,
Ұрпағы едік алыптың.
ГҮЛЖАН САҒИДУЛЛА.
СЕМЕЙ.28.07.24.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева