“Челси“ “Миланға“ қарсы ойнайтын құрамды атады: Сәтпаев тізімге енді ме?

Футболдан Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев италиялық грандқа қарсы матчті қосалқы құрамда бастайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Челсидің" "Миланға" қарсы матчке шығатын құрамы:

Санчес (Қ); Палестра, Ачеампонг, Фофана, Хато, Лавиа, Кайседо, Палмер, Жоао Педро, Педро Нету, Уэлбек.

Қазақстандық Дастан Сәтпаев украиналық Михаил Мудрик секілді қосалқы құрамда қалды.

Еске салайық, маусымаралық кезеңдегі алғашқы матчте "Челси" аустралиялық "Вестерн Сиднейді" 6:4 есебімен тас-талқан етіп жеңді, ал Сәтпаев команда сапындағы дебюттік голын соқты. "Тоттенхэммен" өткен екінші кездесуде қазақстандық футболшы алаңға қосалқы құрамнан шықты, алайда лондондықтар 1:2 есебімен есе жіберді. "Ювентуспен" болған матчте вингер 65-минутта ойынға қосылғанымен, "Челси" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

"Челси" - "Милан": қайдан көруге болады?

Еске салайық, "Челсидің" маусым алдындағы барлық матчтері клубтың ресми сайтында ақылы түрде көрсетіледі.

Маусым алдындағы турне аясында өтетін "Челси" - "Милан" ойыны Индонезияда өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!