- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Челахтың қасына барасың"...
"Челахтың қасына барасың" деп қорқытты". Байзақтағы жарылысқа айыпталған сарбаздар сотта соңғы сөзін айтты
Байзақтағы әскери бөлімде болған жарылысқа кінәлі деп айыпталған сарбаздар сотта соңғы сөзін айтты. Қатардағы жауынгер Ерболат Тұранов пен Әсет Әшірбай 18 адамның өліміне өзін кінәлі сезінбейді. Себебі тергеушілер қоқан-лоққы көрсетіп, қылмысты оларға ілгісі келеді дейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
"Өмір бойына кетесің, Челахтың қасына барасың" деді. Мен сол кезде қорықтым, мұны не үшін мойындауым керек деген кезде, "мойныңа ала сал, бұл тірлікті жабамыз, прокурормен, Астанамен сөйлесіп қойдық, сендерге шартты жаза береді, шығып кетесіңдер" деді. Бізді бала сияқты алдады. Прокурор мырзаға сұрақ қоймақшы едім, "Тұраров пен Әшірбай ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабымен, 459-бабымен сотталсын" дедіңіз, қай бетіңізбен айтып тұрсыз, сіз де бәленің бәрін білесіз", - деді айыпталушылардың бірі.
"Тергеуде қысым көрдік" деген қос сарбаз соттан өзін ақтап алуды сұрады. Екеуінен бөлек, сот залында күдікті деп танылған тағы төрт офицер отырды. Бірақ оларға сөз берілген жоқ.
Еске салайық, 2021 жылы тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімшесінің қару-жарақ қоймасы жарылып, 18 адам қаза тапқан. Тағы 82 адам жараланған болатын. Осы оқиғадан кейін жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген.
Бұл іс бойынша 250-ден аса адам жәбірленуші ретінде танылған. Бірақ жараланғандар мен мүлкі бүлінгендер осыған дейінгі сот отырыстарында жарылысқа дәл осы сарбаздар кінәлі дегенге сенімсіздік білдірген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек