Челахқа үкім шығарған судья неге қызметінен босатылды?

Судья Ербол Ахметжанов неге Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі мәліметінше, кадрлық шешім Ербол Ахметжановтың Жамбыл облыстық сотының төрағасы лауазымындағы өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты болып отыр.

"Осы мерзім аяқталғаннан кейін ол жаңа төраға тағайындалғанға дейін сот төрағасы қызметін жалғастырды", - деп жазылған жауапта.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Мемлекет басшысының атына Жамбыл облыстық сотының жаңа төрағасын тағайындау туралы ұсыныс берілген. Ербол Ахметжанов Президенттің тиісті жарлығынан кейін бұл қызметтен кетеді. Бұл ретте ол Жамбыл облыстық сотында судья ретінде жұмысын жалғастырады.

Айта кетейік, ол Арқанкерген оқиғасы бойынша Владислав Челахқа үкім шығарған.

Еске салайық, бұған дейін Ербол Ахметжанов қызметінен босатылғаны хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!