Мардан есімді Желі қолданушы былтырғы азық-түлік бағасын биылғы бағамен салыстырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода автор былтырғы чекті көрсетеді. Бұл чекте 2022 жылғы 21 наурыз көрсетілген, тура 1 жыл бұрын ол Magnum супермаркет желісінде азық-түлік алған.
"Мен бұл чекті бір жыл бойы тек осы видео үшін сақтадым. Қазір біз бұл тізімдегі азық-түліктің бағасын тексереміз", - дейді Мардан.
Тізімдегі ең алғашқы зат - шырын. Чекке сәйкес, былтыр оның бағасы - 499 теңге болса, қазір ол 939 теңге тұрады. 2022 жылы дәретханаға қағазының бір бумасы 1119 теңге болса, қазір 1709 теңгеге қымбаттаған. Дезодорант 2022 жылы 1029 теңге тұрса, биыл ол 500 теңгеге қымбаттаған. Бір сұйық сабынның қазіргі бағасы - 849 теңге, ал видео авторы былтыр ол 894 теңгеге дәл сондай 2 сұйық сабын алған. Демек, былтыр бағасы 447 теңге болған.
"Былтыр қарақұмықтың 2 данасын 1200 теңгеге алсақ, қазір біреуі 1119 теңге. 1 келі қияр былтыр 899 теңге болса, қазір 1499 теңге; қызанақ былтыр 1289 теңге тұрса, қазір 2045 теңге. Тауық филесінің 1 келісі 2022 жылы 1895 теңге тұрған. Ал қазіргі жеңілдіксіз бағасы 2289 теңге, ал жеңілдікпен 1839 теңге. Былтырға қарағанда тауық филесі 60 теңгеге арзандаған", - деп таңданады видео авторы.
Сондай-ақ, 1 келі алма қазір жеңілдікпен 475 теңге болса (жеңілдіксіз 665 теңге), былтыр 663 теңге болған.
"Қорытындылай келе, былтыр мұндай азық-түлік себеті 26 мыңға шықса, биыл 34 495 теңгеге шықты", - дейді Мардан.
Желі қолданушылары теңгенің құнсызданғанын, бағаның негізсіз өсіп жатқанын алға тартқан.
"Сөзім жоқ", "Былтыр доллар 470 теңге болса, биыл 450 теңге. Бірақ сонда да бәрі қымбаттап жатыр", "Басқа да супермаркеттердің бағасын салыстырып көру керек екен", "Енді 60 мың теңгеге күн көретіндерді ойлаңдаршы", "Жалақы өспей қалды", "Бәрі қымбат", - деп жазған олар.
@mardan_king В конце показываю какая разница в цене вышла за год ?
♬ оригинальный звук - mardan_king
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!