- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Чехиялық теннисші Уимблдон...
Чехиялық теннисші Уимблдон турнирінің финалына шықты
Фото:
wimbledon.com
Чехиялық теннисші Маркета Вондроушова әйелдер арасында жекелей сында Уимблдон турнирінің финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол жартылай финалда украиналық теннисші Элина Свитолинамен ойнады. Маркета Вондроушова қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен екі сетте жеңді.
Енді ол финалда әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе әлемнің алтыншы ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабердің біреуімен ойнайды.
Айта кетейік, Уимблдон турнирінің финалы 15 шілде күні өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалында жеңілгенін жазған едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан