ЧБД шоуының жүргізушілерінің бірі Алексей Щербаков Нұрлан Сабуровтың соңынан еріп, Алматыға ұшып келді. Оны әуежайда қарсы алған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Щербаковтың келген сәтін Дінислам Нұрлан есімді қолданушы жариялады. Оның айтуынша, ресейлік әзілкеш өзі түскен фильмнің премьерасына келген.
Щербаков пен Сабуровтың кездесіп-кездеспегені әзірге белгісіз.
Сондай-ақ, Алматыға фильм премьерасына ресейлік актер және сценарист Омар Алибутаев та келді.
Еске салайық, Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін кеше түнде Алматыға ұшып келді.
Бұған дейін Сабуров Мәскеуге ұшып барған соң оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарланған. Ресейлік БАҚ дерегінше, шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған. Бұл жағдайға Ресейдің ресми органдары да, әртіс те, оның өкілдері де пікір берген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!