- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Чартерлік рейспен әкелдім“...
“Чартерлік рейспен әкелдім“ - Арсен Ералиев анасының өлімі туралы
Мәдина Ералиева қайтқан күн туралы ұлы Арсен "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арсенге анасының өлімін достары естірткен.
"2000 жылдың қараша айы әлі күнге дейін есімде. Нағима Есқалиева мен анамның достары Салман мен Алексей келіп, анамның өлімін естіртті. Басында сенбедім. Өң мен түс арасында жүргендей болдым. Үйге адамдар жинала бастады. Бүкіл әншілер, туысқандар келе бастады. Сосын біз Қызылордаға чартерлік рейспен ұшып кеттік. Анамды сол жерден өзім алып келдім. Әлі күнге дейін анамның күшін сеземін. Әлі күнге дейін сағыныш бар", - деді ұлы.
Құрбысы Гүлзия Байбосынова сол сапарға бірге баруы тиіс екенін, алайда жұмысынан жібермегенін айтты.
"Ол кезде филармониядан бөлек, қосымша Жетісу аудандық оқу бөлімінде жұмыс істейтінмін. Сол күні өзім мазасыз болып жүрдім. Негізі Мәдинамен бірге баруым керек болған. Бірақ директорымыз Тамара Николаевна комиссия келеді деп, мені жұмыстан жібермеді. Кешкі 6-7-нің уақыты еді. Үйге кірген бетте телефон шырылдады. Алсам, Болат аға (Атабаев - еск.) екен. "Гүлзия, осындай жағдай болды" деп төбемнен суық су құйып жібергендей, бәрін айта салды. "Тезірек үйге бар, Сағираны жолдан салып ал, көліктердің кілтін алып, Арсенге ие болыңдар" деп телефонды қоя салды. Өнер адамдары, филармонияның әртістері - бәріміз Сағираның үйіне бардық. Сағираға естіртіп, оны үйден шығарып алып, үйге келдік. Сөйтсек, Арсенге естіртіп қойған екен. Сондай ауыр жағдай болды", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы