- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ұрлық туралы
Cartier, күзен қалпақ: Ер адам туысының пәтерін екі рет тонаған
Жетісуда танысының сеніміне кіріп, пәтер тонаған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті.
Оқиға жазда жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде болған. Күдікті пәтер иесі сыртқа шыққан сәтті пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан. Ұрлық жасауға қолайлы уақытты күтіп, күдікті Талдықорғанға арнайы барып, үйдің бос тұрғанына көз жеткізген соң пәтерге кірген.
Ол үйден Cartier брендінен алтын әшекейлер мен құнды күзен қалпақты қолды еткен. Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Алайда материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне оралған. Бұл жолы оның қолына алтын сақиналар мен сырғалар түскен.
Тергеу барысында полиция қызметкерлері қылмыскерді ұстады.
Күдікті өз әрекетін материалдық қиындықтарға байланысты жасағанын мойындады. Қазір ол қамауға алынып, соталды тергеу жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова