Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен ауыр күндер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол сәбиіне бір ай болғанын жеткізді. Сондай-ақ, бұған дейін басынан өткен сынақтар туралы әңгімеледі.
"2-3 күннен соң қаладағы бас дәрігерлер консилиум жасап, маған перзентханадан шығуға рұқсат берді. Шықпай қалған күні үйде дастархан, түрлі безендіру, 1001 раушан осылай дайын тұрған ғой. Іште түрлі эмоция... Диагнозға күдік бар болғасын, ештеңені нақты білмеген соң да қуаныш пен уайымның көз жасы аралас болды... Жақындарымның көңіл-күйі түсініксіз. Оларға қарап, мәселе қиын екенін байқадым. Себебі дәрігерлермен тек Дархан және жақындарым сөйлесіп, маған ештеңе айтпай жүрді. Қонақтар кетті, өзіміз қалдық. Бөлмеде Дархан үнсіз отыр... Екі көзі телефонда. Қонақтармен де жөнді отыра алмады, тек телефонда отырды. Дархан бір кезде "шетелге кетеміз, тексерілетін жерлерді тауып қойдым" деп шорт кесті. ...Екеуміз бірге отырып жыладық. Мен баланы қалдыруға қимай, ол мені көндіре алмай... ...Айтпақшы кетер алдын жетінші күнінде азан шақырып, есімін де қойып кеттік. Есімі ерекше. Солай ата-әжесі қарап қалды. Алла қалауымен диагноз жоққа шығып, жақсы жаңалықтармен елге қайтуға дайындалдық", - деп жазды блогер сол кез туралы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!