Бізге бақытты болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе

Бізге бақытты болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе
Фото: depositphotos.com

Жүзеге асырылмаған мүмкіндіктер жайлы өкінбеу үшін мына стереотиптерден арылыңыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Басқа біреу маған не керек екенін меннен жақсы біледі"

Тұлғалық типті анықтайтын тесттер өту, жұлдызнамалар оқу арқылы кей адамдар сырттан оларға бағыт беретін қандай да бір сиқыр іздейді. Басқалардың сөзі қанша сенімді естілсе де, олардың айтқанын емес, ішкі жан-дүниеңіздің қалауын жасаңыз. Бұл басқалардың кеңесін мүлдем тыңдауға болмайды деген сөз емес. Олардың кеңесін тыңдаңыз, олар жайлы зерттеңіз, бірнеше нұсқа қарастырыңыз, алайда соңғы шешімді өзіңіз қабылдаңыз.

"Шешім қабылдамасам, қателік те болмайды"

Иә, ештеңе істемеген адам қателеспейді. Алайда таңдау жасамау да - таңдау. Оның да салдары болуы әбден мүмкін. Таңдау жасамау арқылы өз өміріңізді басқарудан бас тартасыз. Қандай да бір таңдау жасау және әрекет ету арқылы тәуекелге барасыз. Алайда тәуекелдерден қорқу мақсатыңызға жету жолында кедергі болмауы керек. Әрекетіңізді ойластыру, тәуекелдерге анализ жасау маңызды.

"Өмірім әлі алда"

Кей адамдар көп нәрсені кейінге қалдыра береді. Алайда қазір істей алатын нәрсені 20-30 жылдан кейін жасай алмауыңыз мүмкін. Сондықтан қиялға берілмей, мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалай білу маңызды.

"Бастысы - бірдеңе істеу"

Егер алдыңызға нақты мақсат қоймасаңыз, қарбалас өмірге батып кетуіңіз мүмкін. Өмірде қандай да бір мақсатқа қарай жылжу маңызды. Ол сізге не үшін керегін және ол үшін не істеу керегін анықтап алыңыз. Мақсатсыз белсенділік әдетте табысқа әкелмейді.
 
"Бәрі жақсы болса, өзгерудің не қажеті бар"

Бәрі жақсы сияқты көрінсе де қандай да бір өзгерісті қажет етпеу қате. Дамудың болмауы құлдырауға әкеледі. Өміріңіздің әр саласын жүйелі түрде дамытып отыру қажет.

Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова