Белгілі блогерлер Дархан Жолшыбеков пен Daricorn жуырда екінші рет ата-ана атанады. Олар күні кеше блогерлердің басын қосып, гендер-пати өткізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі НТК телеарнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Олар гендер патиді "Сұңқар" трамплин кешенінде өткізген. Дархан Жолшыбеков гендер-патидің өтетінін кеше білген, бәрін әйелі ұйымдастырғанын айтты.
"Жоқ, менеджерге УЗИ-де жасап берген қағазды бердім. Содан кейін бірге ақылдасып, "Осы жерде істейік" деп менеджермен бірге ұйымдастырдық", - дейді Daricorn-ның өзі.
Блогерлер болашақ баласының жынысын ұл деп ойлаған, сол себепті тек ұлдарға арналған есімдерді қарап жүрген.
"Дияр" деп дайындағанмын. Қыз болады деп мүлдем ойламадық", - деді Daricorn.
Ал Дархан Жолшыбеков баласының жынысы қыз екенін білгенде, "Бізде өмірде генетикада қыз болмаған ғой" деді.
Жұлдызды жұп екінші баласының келесі жылы, қаңтардың 10-на қарай дүниеге келетінін айтты.
Шараға олардың достары, блогерлер Марғұлан Әден, Нұрдәулет Бектұрсын, Сиситай, Разиюша және тағы басқалары қатысқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!