Танымал әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанның қандай тұсына көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл мәселе туралы өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеді.
"Дүкен аралаймын деп шаршап қалдым. Іздегеніңді таппаған кезде, сен ойлағандай таңдау болмаған кезде, өзіңе-өзің стилист болып кеткен кезде онша емес күйде боласың. "Стилист" мамандығы біздің елде әлі дамымаған ғой, айтыңыздаршы?!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қарақат Әбілдина Қазақстанның жолдарын сынаған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз