- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біздің бала-шаға дамбалын...
"Біздің бала-шаға дамбалын әрең киіп жүр". Желіде ат үстінде сенімді отырған 3 жасар шабандоз көпті тәнті етті
Желіде ат үстінде сенімді отырған 3 жасар шабандоздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 жасар шабандоздың видеосы "baige.time" Instagram-парақшасында жарияланды.
"Жасым 3-те. Ат шаба аламын", - дейді бүлдіршін.
View this post on Instagram
Бұған Желі қолданушылары тәнті болып, түрлі пікір қалдырған.
"Әрең сөйлеп тұр, бірақ ат үстінде сенімді отыр ғой", "Біздің бала-шаға дамбалын әрең киіп жүр әлі", "Менің де ұлым 3 жаста, резеңке есекте қатты шабады", "Ақ боз атқа мініп алыпты ғой, балақай. Міне, нағыз ел басқаратын адам осындай болуы керек. 3 жасында ат тізгінін ұстаса, 30 жасында ел тізгінін сенуге болады", "Міне, нағыз қазақтың жігіті осылай тәрбиеден, батылдықтан басталады", "Менің 7 жасар ұлым, ат шаппақ түгілі, бұтына шалбарын әзер киеді", "Менің ұлым 2 жаста, ойыншық көліктен құлай береді ұстай алмай. Мына бала мықты екен. Қаланың баласы нәзіктеу болады деген осы", - деп жазған олар.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстандықтар көбіне неше жасында үйленеді?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә