Мирас Жүгінісов пен Мархаба Сәбидің арасында қандай кикілжің бар? Істің мән-жайын Мирас Жүгінісовтың продюсері Марғұлан Әден "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыдан 5 ай бұрын композитор Мархаба Сәби танымал әнші Мирас Жүгінісов әндердің авторлық құқығын бұзып, әндерді авторлық рұқсатынсыз орындап жүргенін айтып, ренішін білдірген болатын. Бұл туралы композитор әлеуметтік желідегі парақшасында видео жүктеген еді. Кикілжіңге не себеп болғанын Марғұлан Әден ашып айтты.
"Әлеуметтік желіде осы тақырыпқа қатысты көптеген жалған ақпарат тарады. Біз Мархаба Сәбиден мұндай жазбаны мүлде күтпедік, ойламадық та. Негізі Мирастың ол кісімен жұмыс жасамағанына біраз болған, бірақ сол кезде ол кісі Мирасқа ренжулі болған. Біз өз тарапымыздан мейлінше ол кісімен жақсы қарым-қатынаста болуға тырыстық, әнін алу үшін емес, жәй ғана жақсы қарым-қатынаста болу үшін. Мен Мархаба Сәбиді өмірімде көрмегенмін.
Негізі бұл әңгіме неден басталды? Мирастың інісі Мұхамедәлі Жүгінісов Мархаба Сәбидің "Уақыт" деген әнін "Қазақстан дауысы" жобасында айтады. Бірақ әнді айтқан кезде әннің авторы ретінде Мархаба Сәбиді емес, қазіргі Мирастың әндерін жазатын Саят деген жігіттің есімін жазып қояды. Мұхамедәлі әнді түсте 13.00 шамасында орындады, оны біздің директор Еркош 16.00 шамасында көріп, автордың дұрыс көрсетілмегенін қоңырау шалып айтып қойған. Мұхамедәлі "мына әнді кім айтады?" деп тіпті бізден сұрамаған, ол Саят деп ойлап, жазып жібере салған. Youtube-қа шыққан видеоның астындағы жазбаны өзгертемін дегенше, Мархаба Сәби жазба жариялап тұр. Біз негізі Мархаба Сәбидің жазбасына дейін "авторды өзгерт" деп айтып қойған едік. Содан Мархаба Сәби "автор ретінде көрсетілмегенмін, әндерінің астына менің атымды жазбайды" деп ренжіді. Біз Youtube-қа салынған ешқандай ән немесе бейнебаянның астына титр жазбаймыз. Бірақ басқа платформаларға жазып жүрміз. Осы тақырып көтеріліп, арада кикілжің туғанда ол кісіге скриншотын жіберіп, бірден кешірім сұрау үшін Мирас қоңырау шалды. Бірақ ол кісі Мирасқа "мен ренжіп жатқан жоқпын, өткен нәрсе ғой" деп жауап берді. Алайда ол кісі жазбаны өшірген жоқ. Біз "өшіріңізші" деп айтайық дедік те, "өзі түсінетін шығар" деп қойдық. Бірақ әлі де өшірмеді.
Содан артынша екінші жазба пайда болды. Біз түсінбей қалдық. Ол кісі бізден "кешірім" видеосын сұрады, мен Мирастың камераны қосып қойып, "кешірім сұраймын" деп айтып жатқанын елестете алмадым. Біз недегенімен әнді сатып алдық, Мархаба Сәбиге әннің сатылып жатқаны ескертілген. Ол екінші жазбасында "бәрі жақсы, кикілжің жоқ, бірақ күшті де емес" дегенге келтірді. Сөйтті де артынша өз әнін шығарды", - деді Марғұлан Әден.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ өмірінде әскери дәстүрлер қандай рөл атқарды?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!