Әлеуметтік желіде кеше Алматыда жер сілкінген сәт түсіп қалған түрлі видео тарады. Massaget.kz тілшісі жұртты шошытқан оқиға кезіндегі видеоларды жинап шықты.
Кадрлардың бірінде киім дүкенінің қызметкері киімдердің бағасын айтып, жарнама жасап тұрады. Жер сілкінген кезде ол не істерін білмей абдырап қалады. Видеодан қатты дауыс пен ғимарат қозғалғаны байқалады.
@erkem_sstore Түрім ? Алла сақтасын! Аман болайық!#землетрясение #алматыказахстан #алматы #жерсилкикниси ♬ оригинальный звук - erkem_sstore
Тағы бір видеода қала тұрғыны бейнебайланыс арқылы телефонмен сөйлесіп отырғаны таспаланып қалған. Жер сілкінген кезде ол "бізде қатты жер сілкінісі, Біссіміллә! Біссіміллә!" дейді.
@mairash_taikenova♬ оригинальный звук - Mairash_Taikenova
Желіде тараған тағы бір видеода спорт залда жаттығып жатқандар көрінеді. Кадрларда ғимарат қозғалғаны байқалады.
@arlan_black_wolves #землетрясение #алматы #спорт #здоровоетело #март #казахстан ♬ оригинальный звук - ARLAN BLACK WOLVES
Енді бір видеода оқушылардың жер сілкінісіне реакциясы түсіп қалған. Олар лезде парталардың астына тығылған.
@kadyrovannn KEMEL FIZMAT SCHOOL #жерсілкінісі #землетрясение #школа #шкафандрчеллендж ♬ оригинальный звук - Паренек#из#90-х
Тағы бір кадрда үй қатты қозғалғаны анық көрінеді.
@i.lojy Это было неожиданно)?? ? #алматы #землетрясение #2024 #рек ♬ оригинальный звук - Musta.ILOJY
Сонымен қатар, Алматыда жер сілкінгенде онлайн трансляцияға шығып отырған семинар қатысушыларының видеосы тарады. Видеодан спикер міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысты қандай да бір сұраққа жауап беріп жатқанын, артынша жер сілкінісі басталғанын көруге болады.
Спикер әуелі "Жер сілкініп жатыр ма, қалай? Не істейміз?" дейді. Артынша қатты жер сілкінгенде ол да, залда отырғандар да бәрі орнынан тұрып, ғимараттан шыға бастайды.
Кейбір желі қолданушылары сөйлеп тұрған адам Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Хайдарова екенін жазып жатыр.
Танымал әнші, актер Ренат Басит жер сілкінген кезді видеоға түсіріп алған. Бұл видеоны өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
"Stories түсірейін деп едім. Жер сілкінісі басталып кеткені ше", - деп жазған ол.
Енді бір кадрларда офисте отырған қызметкерлердің реакциясы түсіп қалған. Көпшілік сырт киімдерін алып, далаға жүгірген.
Желіде тараған тағы бір видеода азық түлік дүкенінде заттар жерге құлағаны көрінеді. Ал дүкендегі адам дүрбелеңге салынбайды.
Еске салайық, Алматыда 5 балл жер сілкінісі болғаны айтылды. Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
Алматы әкімі Ерболат Досаев жер сілкінісі бойынша жедел штаб жиналысын өткізіп жатыр. Ал Алматыда тағы да жер сілкінісінің афтершогы қайталану қаупі бар. Бұл туралы қалалық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев мәлімдеді.
Сондай-ақ, жер сілкінісіне байланысты мектеп оқушылары мен студенттер сабақтан босатылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!