Аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов елге алғаш келгендегі қызықты оқиғасымен бөлісті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатта айтты.
"Түлкібасқа Өзбекстаннан көшіп келген кезде сол туысқандардың үйіне тіркеуге тұрдым. Алғашында 1-2 айға ғана тіркеуде болдық. Соның уақыты аяқталғанда бізді Қарағандыда полиция қызметкерлері ұстап алатын. "Сендер заңсыз жүрсіңдер" - деп бізді миграционныйға апарады. Менің ағамның жасы ол кезде 18- ден асып кеткен сосын олар паспортына арнайы мөр басып береді. Егер ол болса 5 жылға дейін Қазақстан азаматтығын ала алмайсың. Ал мен ол кезде 17 жаста болдым. Сол кезде менің құжатыма қара тізімді қоймай жолым болып кетті" , - дейді Шавхат Рахмонов.
Қазақстан азаматтығын алған соң Шавхат Рахмонов ел атынан алғашқы жекпе-жектерін өткізе бастаған.
"Менің алғашқы жарыс жолымда финалға екі Қарағандылық шықтық. Екеуміз о баста жақсы араласатын дос болғаннан кейін мен өз жолымды досыма бердім. Ол сол жерде чемпион атанып екеуміз де ұлттық құрамаға шақырту алдық" , - дейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!