Мүгедектігі бар жандар жайсыз оқиғаға тап болып, жаға ұстады. Оның себебі зағип жандарға наурыз мерекесіне орай ересектер дүкенінен түрлі сыйлықтар таратылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Қарағандының ересектерге арналған-дүкендерінің бірі өз өнімдерін қайырымдылық көмек ретінде бергені туралы ақпарат тарады. Бір топ зағип жандар аталмыш дүкенге барып, өз қауымдастығының алғыс хатын көріп ашуланған.
"Бізді мазақ қылуда. Қазіргі таңда бұл қауымдастықта мүше ретінде егде жастағы жандар да бар. Бұл нағыз масқара ғой. Олар да бұл жаңалықты естіп ашуланды" дейді Қазақ зағиптар қоғамының мүшесі Бексұлтан Бейсенов.
Қазақ зағиптар қоғамының Қарағанды филиалының басшылары түсініктеме беруден бас тартты. Мән жайды сол филиал қызметкері түсіндірді.
"Әлеуметтік желі арқылы хат келді. Ол жерде «көмек көрсеткіміз келеді» деп жазылған. Бірақ нақтыламады. Мүгедектерге арналған такси арқылы сол жерге бардым. Қолыма алғыс қағазын да алып алдым. "Бізге келіңіз, өзіміз көмектесеміз" деген соң бардым. Бірақ не беретіндерін айтпады" дейді филиал менеджері Руслан Ахметов
Руслан Ахметовтың айтуынша, мұндай сыйлықтар туралы ақпаратты сол кездегі такси жүргізушісі таратқан. Алайда, дүкен басшылары мүлде басқа оқиғаны айтып берді.
"Шамамен екі апта бұрын маған аталмыш қауымдастықтан хат келді. Ол жерде материалдық көмек керектігі айтылған. Мен бұған мән бермедім. Кейін бір жігіт хабарласып, көмек ретінде тауарларымды беруді сұрады мен келістім. Келіп алып кетті. Егер ақшалай сұраса берер едім" дейді ересектерге арналған дүкін иесі Юлия Москвина.
Зағиптар қоғамының басшылығы менеджер Руслан Ахметовті жұмыстан шығаратынын мәлімдеді.
ЖАНДОС БАҚЫТҰЛЫ
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!