Бетперде таққан жігіт ата-анасы мүлде көрмейтін жігітке пәтер сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аноним түрде жақсылық жасайтын жігіттің кезекті кейіпкері - 16 жастағы Рауан. Оның ата-анасы мүлде көрмейді. Олар жатақханада бөлме жалдап тұрады.
"Әкем де, анам да мүлде көрмейді. Өзімнің де көру қабілетімде проблема бар. Ата-анамның қолы мен көзімін. Дүкенге бірге барамын. Барлық жерге апарамын. Жатақханада тұрамыз. 5 жылдан бері бөлме жалдап тұрамыз. Жағдай онша жасалмаған. Қоғамдық ортақ душта да жуыну ыңғайсыз. Ата-анам көріп кетсе деймін бастысы. Арманым сол", - дейді Рауан.
"Бізді сенің ата-анаң емделуі үшін Құдайдың өзі жіберді және сіздер пәтер иесі атандыңыздар", - дейді бетперде киген жігіт.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!