Желіде аққудан кешірім сұраған мұғалімнің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
"Кешірші, аққу, бізді кешірші" деген ақтаулық мұғалім киелі құстардан кешірім сұрап, жантебірентер бейнежазба жариялады. Ол қос қанаттылардың жаппай қырылуына адамдардың қоршаған ортаға жасаған қатігездігі себеп деді.
Бейнежариялым авторы химик-биолог Бақытгүл Жақсылықованың айтуынша, тұрғындар айналаны ластап, табиғатқа жанашырлық танытпай отыр. Әлеуметтік желіде жылдам таралған видео көпшіліктің көңілінен шығып, қолдау тапты.
"Кешірші, аққу, бізді кешірші. Аққулардың міне 600-ден астам, бүгінгі менің көргенімнің өзі 50-ден астам өлген аққуларды көрдім. 9 қантар. Бұның барлығы адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі деп ойлаймын", - дейді мұғалім видеода.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз