Аязда қар күреп, аптапта аула сыпыратын ауыр жұмыстағы әйелдер де сый-сияпаттан құр қалмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Түркістан облысының полицейлері әйелдерге гүл сыйлап, ыстық шай ұсынып жатыр.
"Бізді бағаламайтындар да болады. Рақмет!"
"Мынау полиция қызметкерлерінің атынан сіздерге сый-сияпат. Құдай қаласа, ауырмаңыздар. Еңбектеріңіз жана берсін! Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз!"
Ордабасы ауданының полицейлері өз жинаған қаражатына көше сыпырып жүрген әйелдердің иығына орамал да жапты. Олардың арасында көңілі босап, көзіне жас алғаны да бар. Ал кей инспекторлар базарда тұрған әйелдерге гүл беріп, ауыр сөмкесі барды үйіне дейін жеткізіп салып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз