Бізге Күн шығыс елі десе - Жапония, Аспан асты елі десе - Қытай, Таңғы шық елі десе - Кореяны есімізге түседі. Тіпті, Голландия елі өздерінің қызғалдағымен әлем халқының жадында жатталған. Бізге де осындай бір баламалы ұғымдармен байланысты атаулар керек. Ақиқатында - қазақтар, мына біз Ұлы даланың балаларымыз. Аталарымыз сайын дала төсінде көшіп-қонып қана жүрмеген, бүгінгідей байтақ жерімізді қорғап, көзінің қарашығындай сақтап, біздерге аманаттаған Ұлы бабалардың ұрпағымыз, - деді Елбасы.
Айта кетейік, бүгін елордадағы «Көрме» орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздің «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысына арналған жалпыұлттық телекөпір өтуде.
Шара аясында Нұрсұлтан Әбішұлы Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту турасында да кеңінен айтты. Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту жұмыстары: қосымша үш жағалауды кеңейту, астық терминалын салу, қосымша инфрақұрылым нысандары салынады. Ол арқылы порттың өткізу мүмкіндігін жылына 3 миллион тоннаға артпақ. Астық пен басты жүктер, контейнерлік жүктер тасылады. Терминалдың аумағы 22 гектар. Онда 700 адамға жұмыс орны ашылды.
Дереккөз: Baq.kz