Грек-рим күресінен қазақстандық белгілі балуан Дәулет Тұрлыханов Алматыда ұлы Нұрасылдан зәбір көрген адвокаттармен кездесті. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталына күйеуімен, белгілі адвокатпен бірге соққыға жығылған Анна Чернова (Димитриевич) айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жақында іс әскери полицияға берілді. Тергеу жүріп жатыр. Бүгін тергеуші хабарласты. Келесі күні оларға барамыз деп келістіа. Әзірше тыныш. Жалпы, бәрі әдеттегідей жүріп жатыр.
Біз құқық бұзушының әкесімен кездестік. Ол ұлының әрекеті үшін кешірім сұрады. Біз ұлыңызды кешірмегенімізді айттық. Ол заң алдында жауап беруі керек. Ал іс баршаға сабақ болуы керек", - деді Чернова.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған. Алматы полиция департаменті бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шыққаны белгілі болды.
"Ол кәмелетке толған адам. Иә, ол менің ұлым. Жасаған әрекетіне өзі жауап береді. Ол бойынша нақты шешімді құқық қорғау органдары қабылдайды", - деп жауап берді Дәулет Тұрлыханов.
Танымал әнші Медеу Арынбаев Дәулет Тұрлыхановтың ұлы адвокатты соққыға жыққанына қатысты пікірін айтты. Ол бұл оқиғаны ешкім көзбен көрмегенін, сайлау алдындағы арандатушылық болуы мүмкін екенін жеткізген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!