- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біз де мүдделіміз"....
"Біз де мүдделіміз". Германия президенті виза талаптарын жеңілдетуге қатысты пікір білдірді
Фото:
Ақорда
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан азаматтары үшін виза талаптарын жеңілдету мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, 20 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия президентін қабылдады.
"Бұл - өте маңызды аспект. Қазақстан азаматтарының Германияға келуін және Германия азаматтарының Қазақстанға келуін анағұрлым жеңілдететін мүмкіндіктерді қарастыруға біз де мүдделіміз. Өзіңізге мәлім, виза мәселесі Еуропалық Одақ деңгейінде, еуропалық ведомстволар деңгейінде қарастырылады. Сондықтан біз бұл мәселе бойынша ЕО ұстанымын құптаймыз", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек