- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Біз бөлектеніп қалдық"....
"Біз бөлектеніп қалдық". Еңбекшіқазақ ауданына қарасты елді мекен тұрғындары жан айқайын айтты
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты елді мекен тұрғындары "маңайдағы ауылдарға екі аттам жерде тұрсақ та статус берілмеді" деп ашынды. Алайда жергілікті атқамінерлер ауыл болдыңдар деп біраз уәдені беріп кеткен көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл саяжай Бөлек ауылынан үш шақырым жерде ғана орналасқан. Алайда ауыл болуға қанша талпынса да, талаптары табалдырықтан әрі аспапты. Дүйім жұрт мәселені жиналып анықтамақ болыпты.
"Мәслихат депуттары елді мекенге кірдіңіздер деп қол қойды. Сіздер еш уайымдамаңыздар бәрі жақсы болады деп шығарып салды", - деді саяжай тұрғыны Күлия Құдайбергенова.
Бұл жерге не жедел жәрдем, не өртсөндірушілер келмейді екен. Себебі "саяжай картада жоқ", - дейді.
"Суды тасып ішеміз. Өзіміздің денсаулығымыз жоқ. Жазда суды 1 сағаттан береді. Қыста мүлдем су жоқ. Қарды ерітеміз, беті қолымызды солай жуамыз", - деді саяжай тұрғыны Кәдірқыз Өмірәлиева.
Әкім орынбасарларының құр уәдесіне тойған тұрғындар Еңбекшіқазақ ауданы әкімін де іздеп барды. Бірақ бұл мекеме де ешкімді құшақ жая қарсы ала қоймады. Тек біраз уақыттан соң әкім орынбасары қабылдады. Ауыл мәртебесін беру бір күндік шаруа емес деген орынбасар алдымен саяжай тұрғындары хат жазу керек екенін айтты. Кейін соны негізге ала отырып, облыстық мәслихат ұсыныс беру керек екен.
Сонымен қатар, "саяжайға заң тұрғысынан да араласа алмаймыз" деген әкім орынбасары мәселе бүгін шешілмейтіні анық екенін жеткізді. Алайда биыл Рахат, Бәйтерек, Бөлек ауылына қарасты бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алыпты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова