"Біз 20 емес, 30-40 миллионға барған халықпыз". Бақыт Беделхан еліміздегі қазақтар санын дұрыстап зерттеуді ұсынды

Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында Қазақстанда тұратын қазақтардың саны 30-40 миллион болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Қазақстанда тұратын 20 миллион емес, 30-40 миллионға барған халықпыз. Ол жерде де өтірік бар. Егер де біз 20 миллион болсақ, оның 14-15 миллионы қазақ болса, 17 облыс, 3 қалада неліктен қазақ мектептеріне бала сыймай жатыр. Мүмкін емес нәрсе. Осыны зерттеу керек. Себебі мыңдаған мектеп салынып жатыр, бірақ қазақ мектептерінде орын жоқ, бала сыймайды. Мектеп тапшылығы, таршылығы жетіп артылады. Сондықтан да біз Қазақстанның өзінде 14-15 миллиондай қазақ емеспіз. 20 миллион да өтірік болуы мүмкін. 30-40 миллионға барған шығармын. Өйткені неге бюджет жетпейді? Жыл сайын 40 миллиондық халыққа 20 миллиондық бюджет беріп отыр. Ол өкіметке пайдалы. Соның саны мен сапасын ажырататын салиқалы, саналы саясаткер тұлғаларды берсе екен деп тілеймін", - дейді ақын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!