• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Бюрократияға мүлде жол жоқ - Бектенов

Бюрократияға мүлде жол жоқ - Бектенов
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Олжас Бектенов мемлекеттік органдар "бюрократияға мүлде жол жоқ" қағидаты бойынша жұмыс істеуі қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесін қарау барысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік органдар бизнес мәселелерін жедел шешіп, кедергі жасамауы керек екенін баса айтты.

"Біз ұзақ келісу рәсімдері мен бюрократиялық кедергілердің кесірінен немесе ведомствоаралық өзара байланыстар жоқтығынан болашағы зор бастамалардың баяулап қалғанын көріп жүрміз. Жақында инвестициялық ахуалға арналған кеңес өткіздім. Ұзақ уақыт бойы созылып келген сұрақтар сол арада бірден шешімін тапты. Барлық мемлекеттік орган "бюрократияға мүлде жол жоқ" қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкіметтің міндеті - жобаларды сөзбұйдаға салмай, жылдам әрі тиімді қаржыландыру үшін жағдай жасау.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget