Бюджет шығысының 38%-ы әлеуметтік салаға бағытталған

Бюджет шығысының 38%-ы әлеуметтік салаға бағытталған
Фото: Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Мәжіліс отырысында Қаржы министрі бюджет шығыстарының қандай салаларға жұмсалатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші кезекте, 2025 жылы әлеуметтік салаға бюджет шығыстары биылмен салыстырғанда 862 млрд теңгеге ұлғайып, 9,8 трлн теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр. Бұл жалпы бюджет шығысының 38%-ы.

"Келер жылы әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар - төлем алушылар санының ұлғаюын ескере отырып, 6 трлн теңге сомасында қарастырылған. Екінші кезекте білім беру саласы тұр. 2025 жылы бұл бағытқа шығыстар биылғы деңгейінен 73 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн теңгеге жетті. Үшіншіден, денсаулық сақтау жүйесіне 2025-2027 жылдарға арналған шығыстар 7,6 трлн теңгеге жетті. Бөлінген қаражат биылмен салыстырғанда 180 млрд теңгеге ұлғайып, 2025 жылға 2,4 трлн теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр", - дейді Қаржы министрі Мәди Такиев.

Сонымен қатар 2025 жылы туризм мен спортты дамытуға республикалық бюджет шығыстары 141 млрд теңге, мәдениет пен ақпаратты дамытуға 165 млрд теңге көлемінде жоспарланған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

E. Aitkazina