Бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс алған Әнуар Күмпекеев Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"29 тамызда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыс әкімдігінің отырысында жаңа кеңесші Әнуар Күмпекеевті таныстырды", - делінген хабарламада.
Әнуар Қайыргелдіұлы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылы Брэдфорд университетінде, Ұлыбританияда экономикалық саясат магистр дәрежесін алған, "Болашақ" стипендиясының түлегі.
2019 жылы Күмпекеев қымбат пәтер сатып алуға байланысты бюджет қаражатын тиімсіз және ысырап еткені үшін сөгіс алған еді. Кейін ол Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!