Бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды

Бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды
Фото: depositphotos.com

Бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қызылорда облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасы "Бөген" ауылдық  клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша клуб есепшісі 2,7 миллион астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденіп алу арқылы жымқырғаны анықталды.

Бұл деректі аудандық прокуратура СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркеп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдады.

Арал аудандық сотының 27 мамырдағы үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек