- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бюджет бар -...
Бюджет бар - Экономика министрі президенттік сайлауға қатысты
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының бюджеті туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қуантыровтың айтуынша, Үкіметтің резервінде Президент бастамаларын жүзеге асыру үшін ақша бар.
"Дәл қазір нақты болжамым жоқ, өйткені біз уәкілетті әкімшіден - ОСК-дан бюджеттік өтінім енгізуіміз керек, оны Қаржы министрлігі қарастырып, бюджет бөледі. Бізде резервтер бар. Барлығы есептеліп, қарастырылады. Жалпы, кепілдендірілген трансфертті пайдалану жоспарланып отыр, тиісті заң жобасы Парламентке енгізілді. Президенттің бастамаларына резерв бар", - деді Әлібек Қуантыров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова