“Бытыраңқы жүйе“. Бектенов Тоқаевтың тапсырмасынан кейін министрліктерге үш күн уақыт берді

“Бытыраңқы жүйе“. Бектенов Тоқаевтың тапсырмасынан кейін министрліктерге үш күн уақыт берді
Фото: primeminister.kz

Үкіметте инвестиция тартуға жауапты мемлекеттік орган анықталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Үкімет отырысында премьер-министр үш күн ішінде елімізге инвестиция тартуға жауапты бір мемлекеттік органды бекіту жөнінде тапсырма берді.

"Президент инвестиция тарту мәселесі бірнеше мемлекеттік органның қарауында екеніне назар аударды. Ұлттық экономика министрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, үш күн ішінде тиісті өзгерістер енгізе отырып, осы бағыт үшін бір жауапты мемлекеттік органды бекіту жөнінде ұсыныс енгізсін" - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында мәлімдеді. Мемлекет басшысының пікірінше, еліміздегі инвесторлармен қарым-қатынас жүйесі күрделі әрі бытыраңқы.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget