Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтіп жатыр. Президент Павлодар облысының әкімі Асайн Байхановтың баяндамасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Екібастұз энергетикалық торабын жаңғырту - басым бағыт. Үкімет пен әкімдік ГРЭС-1 бірінші энергоблогын уақтылы іске қосуды және ГРЭС-2 жаңа екі блокты салуды қамтамасыз етуі қажет. Бұл - ел көлеміндегі жобалар.
Ал Екібастұз ЖЭО-ны жаңғырту және келесі жылыту маусымына дайындыққа келетін болсақ, барлық жоспар толық көлемде және мерзімінде орындалуға тиіс. Былтырғы дағдарыстың қайталануына жол берілмеуі керек", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!