Былтыр Риддерде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

Былтыр  Риддерде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Фото: nstagram/volontery_uka_lider.kz

Өткен жылдың күзінде Риддерде жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, оның өлімінің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

Максимов Михаил Сергеевич, 1985 жылы туған, 2022 жылдың 29 қазанында хабарсыз кеткен. Ер адам Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 10-үй мекенжайында тұратын. Ол үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Т. Раушанұлы