2023 жылы қазақстандықтардың 3,5 триллион теңге қарызы есептен шығарылды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы есеп палатасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жоғары аудиторлық палатаның отырысында 2023 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендіруге жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы қаралды.
"Оңалту және банкроттық рәсімдерінің тиімділігі төмен және әлеуметтік талаптарды өтеуге және банкроттық пен оңалтуды басқарушылардың шығындарын өтеумен ғана шектеліп жатыр. 2023 жылы таратылған банкроттарға 3,5 триллион теңгеден астам сомаға төленбеген қарыздар есептен шығарылды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 1 триллион теңге болды. Үлестес тұлғаларды банкроттық басқарушылар етіп тағайындау фактілері анықталды, бұл кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіріп, түрлі теріс пайдалануларға жағдай жасайды", - делінген хабарламада.
Кеден және салық органдарының бірігуіне қарамастан, кедендік әкімшілендіру шеңберінде дерекқорлардан тиісті өзара іс-қимыл және мәліметтермен алмасу жолға қойылмаған, бұл кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуде бюджет шығыны тәуекелін тудырады.
Отырыс аясында Әлихан Смайылов МКК басшылығының оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдірудің маңыздылығына, бұл тетіктің салық төлеуден жалтаруға мүмкіндік беретін олқылыққа айналмауына назарын аударды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!