Былтыр қазақстандықтар қанша теңге мобильді аударым жасаған?

Былтыр қазақстандықтар қанша теңге мобильді аударым жасаған?
Фото: pixabay.com

2023 жылы 11 айда (қаңтар-қараша) қазақстандықтар қолма-қол ақшасыз төлем жасауда рекорд орнатты. Аударым сомасы 128 триллион теңгеге жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 44,3 пайызға артық. Сонымен қатар, 2022 жылдың толық кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың 11 айында қолма-қол ақшасыз төлем көлемі 24,5 пайызға артық.

2023 жылдың қаңтар-қарашасындағы бүкіл қолма-қол ақшасыз төлемнің 83 пайызы интернет пен ұялы телефондар арқылы жүргізілді. Яғни 106,2 триллион теңге, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,8 пайызға көп.

Төлем карталарының жалпы айналымындағы қолма-қол ақшасыз төлемнің үлесі бір жылда 81,8 пайыздан 86,1 пайызға дейін өсті.

Өңірлер бойынша қолма-қол ақшасыз төлемнің жартысы Алматы қаласына тиесілі (64,1 триллион теңге). Одан кейінгі орында Астана (13,4 триллион теңге) мен Шымкент (8,1 триллион теңге) тұр. 

Жасұлан Ордабаев 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz