Бірінші кредиттік бюро өкілдері қазақстандықтарға 2022 жылы қанша кепілсіз, ипотекалық және автонесие берілгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БКБ деректері бойынша қарыз алушылардың жартысы, яғни 3,5 миллион адамның қалған берешегі 500 мың теңгеден аспайды. Бұл ретте оларға жалпы берешектің тек 10 пайызы немесе шамамен 740 миллиард теңгесі тиесілі. 2022 жылы бұл қарыз алушылардың портфелі 9 пайызға өсті. Бұл ретте орташа берешек 202 мың теңге болады.
2022 жылы берілген тұтынушы несиесінің көлемі 6,7 триллион теңге болды, бұл былтырғы деңгейден 16,8 пайызға артық. Берілген орташа сома азайған: бір жыл ішінде 314 мыңнан 246 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұл ретте қарыз алушылардың 90 пайызында берілген несиенің орташа мөлшері қаңтарда 178 мыңнан желтоқсанда 171 мыңға дейін төмендеген.
Кепілмен берілген тұтынушы несиесінің жалпы сомасы 26,1 пайызға (61,6 миллиард теңге), 297,8 миллиард теңгеге дейін ұлғайды.
2022 жылы берілген ипотека несиесінің жалпы саны 159 мың болған. Бұл 2021 жылғы деңгейден 3,6 мыңға аз. Бұл ретте берілген сома 12,2 пайызға артып, 2,3 триллион теңгеге жетті.
"Ипотекалық несие көп берілген кез - қазан (236,7 миллиард теңге). Бұл кезеңде тұрғын үй бағасы қатты өскен еді (бірінші кезекте - жалға алу). Несие беру көлемі берілген несие санының ұлғаюымен, сондай-ақ орташа және медианалық мөлшердің ұлғаюына байланысты болды", - деп атап өтті БКБ өкілі.
2022 жылдың қорытындысы бойынша республикада жалпы сомасы 832,1 миллиард теңгеге автонесие берілді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 30,9 пайызға (196,4 миллиард теңге) артық.
Ең көп берілген кезі маусымда 95,2 миллиард теңгеге, 12,4 мыңға жеткен. Бұл жеңілдетілген несие беру бағдарламасына байланысты болған. Ол бойынша өтінім мамырда қабылдана бастаған еді, бірақ іс жүзінде мәмілелердің едәуір бөлігі маусымда жабылған.
"Көлік бағасының өсуі қарыз көлемінің өсуіне де әкеп соқты. Орташа көрсеткіш қаңтарда желтоқсаннан 8,4 миллионға дейін өсті, медианалық көрсеткіш 6,0 миллионнан 6,8 миллион теңгеге дейін жеткен", - деді Бірінші кредиттік бюро өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!