- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Былтыр жатақханада тұрдым"....
"Былтыр жатақханада тұрдым". Актер Әбілмансұр Серіков әлі күнге пәтер жалдап тұратынын айтты
Танымал актер Әбілмансұр Серіков әлі күнге пәтер жалдап тұратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иесі Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бөлісті. 4 баланың әкесі Әбілмансұр Серіков табысының жеткілікті екенін жасырмады.
"Шүкір, жеткілікті. Әр баланың өз несібесі бар. Мен енді былтырға дейін 12 шаршы метр жатақханада тұрдым. Бірақ соған бәрі сыятын. Қазір 44 шаршы метрге ештеңе сыймайды. Төртінші балам дүниеге келді, кейін уақытша жалдамалы баспанаға өтіп кеттік. Ұлымның несібесі. Құдай несібесін беріп тұр. Ол болмаса, әлі жатақханада тұра беретін бе едік. Қимылдаймыз ғой. Бірақ баспана мәселесі өте қиын. Қымбат. Жөндеу жұмыстарын істейін десең, құрылыс заттары қымбат. Пәтер алайын десең, жақсы жердегі баспана қымбат. Қаланың шетінен алайын десең, алыс, сапасы ұнамайды. Сондықтан әр баланың өз несібесі бар. Табыс жеткілікті. Ниетің түзу болса, Алла өзі несібесін беріп отырады. 2017 жылдан бері жатақханада тұрдым. Әйеліммен бір спектакльге түсеміз. Әйелім түсінеді", - деді Әбілмансұр Серіков.
Сондай-ақ, өнер иесі жарының қандай қиындық болмасын қолдауға дайын екенін айтты.
Әбілмансұр Серіков - танымал актер. Ол "5:32", "Сүйе білсең", "Жол", "Ауыл мұғалімі" туындыларына түскен.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам ұйықтаған кезде арықтай ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек