- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Былтыр елде ажырасқандар...
Былтыр елде ажырасқандар да, неке қиғандар да аз болды
Қазақстанда былтыр қаңтар мен желтоқсан аралығында 128,5 мың жұп неке қиған. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 8,4 пайызға аз. Қалаларда тіркелген неке саны бір жылда 14 пайызға, 85,5 мыңға дейін қысқарды. Ауылдарда, керісінше, 5,4 пайызға, 43,1 мыңға дейін өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.
Былтыр ажырасу дерегінің саны 17,7 мың болды. Былтырға қарағанда 8,1 пайызға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 11,9 пайызға, 13,1 мыңға дейін азайды, ал ауылдарда 4,7 пайызға, 4,6 мыңға дейін өсті.
Өңірлер арасында Алматыда қиылған неке саны көп, яғни 13,6 мың, бірақ бұл бір жыл бұрынғына қарағанда 27,6 пайызға аз.
Жетекші өңірлер үштігіне халық тығыз қоныстанған Түркістан облысы (жылына 13,3 мың, 4 пайызға төмен) және Астана (10,7 мың, 12,7 пайызға төмен) кірді. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелді.
Тіркелген ажырасу саны бойынша алғашқы үштікте Алматы (2,3 мың), Астана және Қарағанды облысы (әр өңірде 1,6 мың ажырасу) бар. Ең аз ажырасу дерегі Ұлытау, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова