СПИД жұқтырғандарға арнайы мүшеқаптар тегін таратылады. Алайда былтыр "Әділдік жолы" Қызылорда облыстық филиалының басшысы Ләззат Бақтыбаева облыста тегін таратылуы керек презервативтердің сатылғанын, оның үстіне сапасының нашар екенін айтқан еді. Massaget.kz тілшісі биыл СПИД-ті алдын алуға қанша қаражат жұмсалғанын және қандай шаралар жүргізіліп жатқанын анықтап көрді.
Редакция тілшісі бұл сұрақтардың жауабын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне арнайы сауал жолдады.
СПИД немесе АИТВ инфекциясы - адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған, иммун жүйенің ерекше зақымданғанынан және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына әкелетін созылмалы инфекциялық ауру.
Комитет мәліметінше, СПИД-ті алдын алу үшін биыл 182 миллион теңге бөлінген.
"Республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырма шеңберінде Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығына өңірлерде АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 2024 жылына 182 миллион теңгеден аса қаражат бөлінді", - делінген жауапта.
Ал әр өңірде АИТВ-инфекциясының алдын алуға бюджет кодексіне сәйкес қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Бұл халық санына және эпидемиологиялық жағдайға байланысты.
"АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 бұйрығына сәйкес халықтың негізгі топтары
Комитет мәліметінше, былтыр СПИД жұқтырғандарға, арнайы есепте тұрғандарға 9,5 миллион данадан аса тегін презервативтер таратылған.
Комитет мәліметінше, 2024 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 34 622 АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тіркелген, оның ішінде АИТВ-дің 4-сатысында 1612 адам бар.
Қазақстанда 15-49 жас аралығындағы тұрғындар арасында АИТВ-инфекциясы 0,33 пайызға таралған.
АИТВ-инфекциясының елде таралу көрсеткіші:
АИТВ-инфекциясының алдын алу орталықтарында АИТВ-мен өмір сүретін 18 жасқа дейінгі 631 бала есепте тұр.
Комитет мәліметінше, Қазақстанда АИТВ-инфекциясы көбіне жыныстық жолмен беріледі, оның пайыздық көрсеткіші - 71,5 пайыз.
Биыл 11 айда 104 адам қайтыс болған. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 27 жағдайға төмен.
АИТВ мен ЖИТС-тің белгілері қандай?
Аурудың белгілері әр кезеңде әртүрлі болады. Вирус жұқтырғаннан кейін алғашқы 2-4 аптада науқас суық тигендей күй кешеді. Бұлшықеттері, тамағы ауырады, тоңып, үсті-басы қышиды, ауыз қуысында жара пайда болып, лимфа бездері ұлғаяды. Тестердің бәрі болмаса да, көпшілігі вирус арқылы бөлінетін антиденелерді анықтай алады. Сондықтан әр жарты жылда немесе жылына бір рет ЖИТС-ке тест тапсыруды әдетке айналдырған жөн. Қазақстандықтар тексерудің бұл түрінен тіркелген емхана арқылы тегін өте алады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!