Бақытжан Байжанов Бишімбаевқа қатысты сот отырысында өзіне қысым жасалып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот отырысында Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін мәлімдеді.
"Бишімбаевтың Байжановқа сөйлеуге мүмкіндігі болмаса екен. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында қақтығыс болып жатыр. Тым құрығанда ертең (бөлек отырса - еск.)", - деді Байжановтың адвокаты.
Мұны Байжановтың өзі де растады.
"Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр", - деді Байжанов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!