Әлеуметтік желіде Алматыдағы қоғамдық орындардың бірінде ер адам мен әйел былапыт сөздер айтып тұрғаны бейнеленген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алмалы аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері осы жайтқа қатысты тиісті шаралар қабылдаған.
"Оқиғаға қатысқан екі адам да анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Жиналған материалдар сотқа жолданған.
Полиция қоғамдық орындарда айналадағыларға құрметсіздік таныту, былапыт сөздер айту және қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де әрекеттер жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!