- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Былапыт сөз жазуға...
"Былапыт сөз жазуға болмайды". Өзбек шенеуніктеріне жаңа талап қойылды
Фото:
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Өзбекстанда мемлекеттік қызметкерлерге қатысты ережелер бекітілді. Бұл туралы Өзбекстан үкіметінің қаулысында айтылған, - деп хабарлайды lex.uz.
Жұмыс және жұмыстан тыс уақыт ережелері:
- мемлекеттік қызметші шыншыл, қарапайым болуы, жұртшылықтың сынына ұшырамауы, сынға ұшыраған жағдайда қысым көрсетпеуі керек;
- іссапарларда басқа біреудің есебінен шығын жасауға, Әлеуметтік желілерде былапыт сөз жазуға болмайды, реформаларға сенімсіздік тудыратын материалдарды орналастыруға болмайды;
- шенеунік таныстыққа жол бермеу керек, тек арнайы кадрлар даярлаумен ғана айналыспау керек;
- Лауазымды тұлға қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдаланбауы керек.
Осы ережелерді бұзған қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылып, ескерту алуы немесе оларға сөгіс жариялануы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек