Былапыт сөз бен қоқыс: Қазақстанда айыппұлдар өсті

Былапыт сөз бен қоқыс: Қазақстанда айыппұлдар өсті
Фото: depositphotos.com

2026 жылдан бастап Қазақстанда қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өзгерді. Бұған себеп - ай сайынғы есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуі. Айыппұл мөлшері АЕК-ке тікелей байланысты болғандықтан, ақшалай санкциялар да автомат түрде артады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

АЕК деген не?

Aй сайынғы есептік көрсеткіш (АЕК) - мемлекет бекітетін сома. Ол Қазақстанда жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер, айыппұлдар, салықтар және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады.

Сондықтан АЕК өссе, заң нормалары өзгермесе де, осы көрсеткішке байланған барлық айыппұл мөлшері ұлғаяды.

Айыппұлдар қалай өзгерді?

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, АЕК 4 325 теңгеге дейін өсті (2025 жылы 3 932 теңге болған). Соған сәйкес айыппұлдар да қымбаттады:

Қоғамдық орындарда боқауыз сөз айту. Бұрын қоғамдық жерде балағат сөз қолданғаны үшін ең төменгі айыппұл 20 АЕК - 78 640 теңге болатын. 2026 жылы ол 86 500 теңгеге дейін өсті.

Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау. Саябақтар, скверлер және басқа да қоғамдық орындарды ластап, қоқыс тастағаны үшін айыппұл қарастырылған:

  • алғаш рет бұзса - 10 АЕК: 2025 жылғы 39 320 теңгеден 2026 жылы 43 250 теңгеге дейін өсті;
  • бір жыл ішінде қайталап бұзса - 20 АЕК: 78 640 теңгеден 86 500 теңгеге дейін.

Алкоголь ішу немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу үшін айыппұл да ұлғаяды:

  • ең төменгісі - 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге дейін (5 АЕК);
  • ең жоғарысы (бір жыл ішінде қайталап бұзса) - 39 320 теңгеден 43 250 теңгеге дейін (10 АЕК).

Вандализм үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Айыппұл мөлшері де өседі:

  • ең төменгі айыппұл - 2026 жылы 432 500 теңгеден 865 000 теңгеге дейін (100–200 АЕК);
  • ең жоғарысы - 2,1 млн теңгеден 8,6 млн теңгеге дейін (500–2 000 АЕК) - ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда.

Егер вандализмді кәмелетке толмаған жасаса, ата-анасы немесе қамқоршысы ӘҚБтК бойынша айыппұл төлейді:

  • айыппұл 58 980 теңгеден 64 875 теңгеге дейін өсті (15 АЕК).

Ұсақ бұзақылық. Ғимараттарды, құрылыстарды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және басқа да қоғамдық орындардағы мүлікті қорлағаны үшін 50 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған: 2025 жылы 196 600 теңге болса, 2026 жылы - 216 250 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget