Заңгер, ҚҚ "Human Rights Lawyers" басшысы Ләззат Ракишева өзіне келген кезекті хатты бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хатта Түркістан облысы Созақ ауданындағы балабақша туралы жазылған.
"Күйеуімнің ауылында. Тура үйдің алдында бұзылған ескі садик бар. Қоқысхана болып кеткен. Ішінде бір адам жүреді ылғи аңдып. Осы жазда барғанда, бала-шағаммен. Мен көрмей тұрсам қыздарымды шақырады екен қол бұлғап. Мүшесін шығарып көрсетеді екен, әрекеттер жасап. Мен қарасам тығылып қалады. Алдында сенбей жүргем.
Бір күні балалармен сол жақпен дүкенге шықтық. Алдын ашып алған, мүшесін ұстап шығып келе жатыр, мені көріп тығылды тағы. Жүрегім ұшып кетті, өзім жүкті едім. Артқа қарай басқа жолмен кеттік біз де. Күйеуіме айтсам, барып іздеп таба алмады. Енді ауылға қыздарымды жібермек түгілі, баруға қорқамыз. Әжетхана далада, қыздар өздері шығады кейде мен бос болмасам. Айтсаң жынды ғой, оны ешкім қамамайды дейді бәрібір...", - делінген хатта.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз