- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұзау іздеп шыққан:...
Бұзау іздеп шыққан: Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті
Фото:
mgorod.kz
Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.
Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайта оралмаған. Сағат 18:30-да балалардың бірінің денесі судан шығарылды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 28 мамырда сағат 1:25-те суға батып кеткен екінші жасөспірімнің денесі табылған. Ол бес метр тереңдіктен шығарылғаны айтылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан