9 наурыз күні кешке үйіне оралған Ақсу тұрғыны кешкі ас әзірлеп жатқан әйелді шашынан ұстап, тартқан. Әдепсіз сөздер айтып, дәлізге сүйреп шығып, басынан бірнеше рет ұрған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдің қолында асхана пышағы болған. Ол ұруды тоқтатуды өтінгенмен, ер адам соққысын жалғастыра берген. Күйеуі ұруды тоқтатқан кезде сотталушы оның бүйіріне пышақ тыққан.
Сот қысқартылған тәртіпте өтті. Ер адам сотталушыға ешқандай талабы жоқ екенін айтып, тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.
Сот 41 жастағы Ақсу тұрғынын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!