Бүйрек жұмысы бұзылғанын көрсететін 14 белгі

Бүйрек жұмысы бұзылғанын көрсететін 14 белгі
Фото: elements.envato.com

Бүйрек жұмысы бұзылғанын түсіну қиын. Көбінесе адамдар белгілерді байқамайды немесе жай ғана мән бермейді. Ал бүйрек ауырса, соңы ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін. Massaget.kz тілшісі бүйрек жұмысының бұзылғанын көрсететін белгілерге шолу жасап көрді.

Бүйрек қанды зиян заттардан тазалап, артық суды шығарады. Ол қысымды, тамыр мен сүйектегі минералдар деңгейін бірқалыпта ұстап тұрады және қызыл қан жасушаларын өсіруге көмектеседі.

Ал бүйрек жұмысы бұзылған кезде өз функциясын қалыпты түрде орындай алмайды, яғни қанда улы заттар жиналады, қысым жоғарылайды, сүйекте кальций жетіспеушілігі пайда болады. Оны уақытында емдемесеңіз ауру асқынып, адам өзінің өңделмеген қалдықтарынан уланып, қайтыс болады немесе бүйрегін ауыстыру керек болады. 

Сонымен, бүйрек жұмысының бұзылғанын көрсететін 14 белгі

Шаршау, әлсіздік

Бүйрек қанды дұрыс сүзе алмай, ағзадана улы заттар мен зиян қалдықтар жиналады, салдарынан әлсіздік, тез шаршау және белгілі бір затқа зейін қоя алмау пайда болады. 

Анемия

Кейде бүйрек ауруларында қызыл қан жасушаларының өсуін ынталандыратын эритропоэтин өндірісі бұзылады. Эритропоэтин аз болса, анемия пайда болады. Ол бозару, бас айналу, бас ауруы және құлақтың шуылы секілді белгі береді. Ал бұлшықеттегі оттегінің жетіспеушілігі шаршау мен әлсіздікке әкеледі.

Ұйықтау қиынға соғады

Ағзадағы улы заттар ұйықтауға кедергі келтіріп, түр ортасында бірнеше рет оянуды тудырады, салдарынан оянғанда түнде мүлде ұйықтамаған секілді сезімде боласыз. 

Құрғақ тері, қышу

Зәрдегі судың көбеюіне және минералды зат алмасудың бұзылуына байланысты тері құрғайды. Ал теріге түскен улы заттар денені қышытады. 

Жиі әрі көп зәр шығару

Егер күніне 6-7 рет зәр шығарсаңыз, ал зәрдің барлық мөлшері 2 литрге дейін болса, ол поллакируия, ал одан да көп болса, полиурия. Бұл бүйрек зәрге суды әдеттегіден көп су жібергенінен болады.

Зәр шығару кезіндегі ауырсыну

Мұндай белгі әдетте бүйрек пен зәр шығару жолдарының инфекциясын көрсетеді: пиелонефрит, цистит немесе уретрит. Тағы бір себеп - уролития.

Қан аралас зәр

Бұл жағдайда зәрдің түсі қызыл, қызғылт немесе кола тәрізді көрінеді, кейде тіпті қан ұйығыштары көрінуі мүмкін. Бұл гематурия деп аталады, бүйрек эритроциттерді сүзгіден өткізгенде немесе тастар зәр шығару жолдарының қабырғаларына зақым келтіргенде пайда болады.

Қызылша, қызыл жидекті көп жегенде немесе рифампицин немесе сульфасалазин сияқты кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдағанда зәрдің қызаруы мүмкін екенін есте сақтаған жөн. Қалай болғанда да, себебін түсіну үшін дәрігерге бару керек.

Зәрдің көбіктенуі

Зәр қатты қысымға байланысты көбіктенуі мүмкін, ал егер көбік тым көп, оған қоса кетуі қиын болса, бұл зәрде болмауы керек ақуызды көрсетеді, мұны дабыл белгісі деп қабылдаңыз. 

Лайланған зәр

Сау адамның қалыпты зәрі мөлдір, сабан сары түсті болады. Егер оның түсі лайланған болса, бұл ағзадағы сұйықтық жетіспеушілігін білдіруі мүмкін. Бірнеше күн бойы көп су ішіп, жағдайды бақылаңыз, зәр түсі қалыпқа келмесе бірден дәрігерге барыңыз. Себебі лайланған зәр бүйректе жиналған тас немесе инфекцияның белгісі болуы ықтимал. 

Беттің ісінуі

Әдетте таңертең көз айналасы ісіп тұрады. Мұның екі себебі бар: 

  • Бүйректің күші денедегі артық суды шығаруға жетпей жатыр;
  • Зәрде ақуыз көп.

Кейінірек көз айналасынан бөлек, аяқтар да ісіп бастауы мүмкін.

Қан қысымының жоғарылауы

Бүйрек қан қысымын бауылауға көмектесетін ренин шығарады. Егер бүйрек жұмысы бұзылса, ренин бөлінісі жоғарылап, адам гипертонияға шалдығуы мүмкін. 

Бұлшықеттің құрысып қалуы

Бұлшықет бүйрек кальций мен фосфор секілді минералдардың тепе-теңдігін сақтай алмаған кезде құрысып қалады.

Ауырсыну 

Бүйрек ауруларында ол қабырғаның асты, омыртқаның оң немесе сол жағы ауырып бастайды. Бір жағынан немесе бірден екеуі де ауырады. Ауырсыну бүйір, іш секілді басқа аймақтарға да таралуы мүмкін.

Температура

Суық тимесе де дене қызуы жоғарылап, қалтырайтын болсаңыз бұл бүйрек ауруларының белгісі болуы мүмкін. Бүйрек инфекциясы (пиелонефрит) немесе аутоиммунды ауру (гломерулонефрит) қалтырауды тудырады.

Дәрігерге қашан бару керек?

Тізімдегі көптеген белгі зиянсыз себептен пайда болуы мүмкін, мысалы, ұйқысыздық стресстен, ал құрғақ тері сапасыз сабыннан. Егер белгілердің шығу тегін нақты анықтай алмасаңыз, бірден дәрігер кеңесіне жазылыңыз.

Айта кетейік, бұған дейін бүйрек қабынбас үшін не істеу керегі хабарланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Жігіттер» квартеті қай жылы құрылған?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә